- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
COVID-19 – бұл өте ауыр ауру, сондықтан АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдар, оның әсерін азайту және соның ішінде COVID-19 қоздырғышын жұқтырудың алдын алу үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау керек. АИТВ-мен өмір сүретін егде адамдарда немесе АИТВ-мен жүрегі немесе өкпесінде проблемалары бар адамдарда вирус жұқтыру қаупі жоғары және жұқтырған жағдайда ауыр белгілері болуы мүмкін.Екі індетке жауап беретін елдер мен қауымдастықтардан біз АИТВ және COVID-19 АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әсері туралы белсенді түрде білетін боламыз.
Қауіпсіз болыңыз!
Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн.
Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз(40-60 секунд), арнайы антисептикалық құралдарды(20-30 секунд). пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз.
Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.
Ауру болған кезде үйде болыңыз.
Егер сізде дене қызуы, жөтел немесе ентігу болса, жақында сапарға шыққан болсаңыз немесе COVID-19 көрсетілген аймақта тұрсаңыз, дереу жергілікті медициналық көмекке, дәрігерге немесе жергілікті ауруханаға хабарласыңыз.
Ауруханаға алдын ала қоңырау шалыңыз және оларға сіздің белгілеріңіз бен жақында болған сапарларыңыз туралы айтып беріңіз.
Егер сіз ауырып қалсаңыз, медициналық маска киіп, басқалардан қашық болыңыз.
Хабардар болыңыз!
COVID-19 туралы фактілерді біліңіз және әрқашан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты сенімді дереккөзді қолданыңыз: https://www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019.
Дайын болу және хабардар болу!
Сізде 30 күнге және одан да көп күнге жететін дәрі-дәрмектер болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта науқастарға АИТВ-ға қарсы дәрі-дәрмектерді кем дегенде үш ай қолдануға ұсыныс берді,бірақ бұл әлі қолданысқа енгізілген жоқ тек ұсыныс.
Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?
Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейінгі аралықта анықталады.
Коронавирустан күдіктенген жағдайда қандай емханаға барып анализ тапсыруға болады?
COVID-19 вирусын төмендегі мекенжайлар арқылы тапсыруға болады:
* Ұлттық сараптама орталығы;
* Орталық республикалық зертхана;
* Қалалық клиникалық инфекциялық аурухана.
Қандай жағдайда коронавируске тест тапсырып көруге болады?
Ең алдымен, эпидемиологиялық ахуал қиындаған және вирус таралған елдерден келген азаматтар, сондай-ақ, клиникалық белгілер анықталған және коронавирус жұқтырған пациенттермен байланыста болғандар тест тапсырады. Басқа жағдайларда анализ тапсырудың керегі жоқ.
Инфекция жұқтырған адаммен байланыста болғандар не істеуі керек?
Вирус жұқтырған адаммен қандай да бір байланыс болған жағдайда 1406 бірыңғай байланыс нөміріне, емханаға немесе жұқпалы аурулар ауруханасына хабарласу қажет.
Өзге мемлекеттерге барып келгендер не істеуі керек?
Коронавирус таралған елдерге барып келген азаматтар 1406 нөміріне қоңырау шалып, өзі жайлы мәлімет беруі тиіс. Сонымен қатар, тіркелген емханасына, жұқпалы ауруларды қабылдайтын ауруханаға хабарласуға болады. Әрі қарай не істеу керектігін мамандардың өздері айтады.
Коронавирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері не істеуі керек?
Вирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері міндетті түрде анализ тапсыруы қажет. Дәрігерлер тест нәтижесіне қарай оны ауруханаға жатқызу немесе сырқат белгілері болмаған жағдайда үй жағдайында карантинге орналастыру туралы шешім қабылдайды.
Коронавирустан қалай емдейді?
Кез-келген ауру сияқты коронавирусты да емдеудің белгіленген жолдары бар. Нақтырақ айтатын болсақ, вирусқа қарсы әрекет ететін арнайы препараттар мен жеке гигиена талаптары қолданылады.
Коронавирус жұқтырғанда үйде емделуге бола ма?
Бұл әр адамның жеке жауапкершілігіне байланысты мәселе. Ауырған адам үй жағдайында карантинге жабылған жағдайда дәрігердің талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Карантинге жабылған азаматтардың ешқайда шығуына болмайды. Гигиена талаптарын сақтап, бетперде киіп жүрсе, жеке ыдыс-аяқ пайдаланса, қолын сабынмен жуып, зарарсыздандыратын құралдарды қолданса, бөлменің ауасын жиі жаңартып отырса – вирусты отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупі төмендейді.
Карантин неше күнге созылады?
Карантин 14 күнге созылады. Кейін пациенттер емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.
Ауырмаған адамдар бетперде киюі қажет пе? Вирустан қорғану үшін қандай бетперде киген дұрыс?
Дені сау адамдарға маска киюдің қажеті жоқ. Дәріханаларда сатылатын кәдімгі үш қабатты бетперде вирустан қорғануға жеткі-лікті немесе респираторлық бетперделерді пайдалануға болады.
Қуаныш ПИРМАНОВ,
Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы Профилактикалық жұмыстар бөлімінің дәрігер-эпидемиологы.