ТІЛ МАМАНДАРЫ ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТТА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ БАС ҚОСТЫ

1  041 көрілім

Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиевтің тапсырмасына сәйкес бастау алған аудандағы білім беру ұйымдарының әдістемелік сағаты бүгін де жалғасын тапты. Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарсыбаева Айгүл Төлегенқызының жетекшілігімен қашықтықтан «Microsoft Teams» платформалары арқылы өткен жиналысқа аудан мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Алдын ала тіркеуден өткен ұстаздар күн тәртібінде қашықтықтан білім берудің барысы, аудан мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу, тәжірибелері және инновацияларымен бөлісу, оқушылардың тіл мəдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тəрбиелеу сынды мәселелерді талқылады.
Бүгінгі білім беру саласындағы басты талаптардың бірі – өмірдегі орынын жаңылмай тауып, еркін қарым-қатынас жасай алатын, кез-келген ортаға тез бейімделе алатын бәсекеге қабілетті, қоғамдағы сұранысқа ие салаларда білімі мен біліктілігін дәлелдей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру екнін жақсы түсінетін жетісайлық ұстаздар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. «Жас буынның мектеп қабырғасында алған білімін іске асыруда, сөйлеу тілін, əрекетін, тіл мəдениетін, əдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кезеңдегі өзекті мəселелерінің бірі» дейді педагог ұстаздар.
Жалпы алғанда ұстаздардың біліктілігі мен тәжірибесін шыңдайтын әдістемелік сағаттар алдағы уақыттарда онлайн режимде дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын болады.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы