ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ

1  001 көрілім

Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жылыту пешін салу және алдағы уақытта пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен өрттерді болдырмау және олардан қайғылы зардаптар көрмеу үшін өрт қауіпсіздік шараларын естеріңізге салады:

– Жылу маусымы басталар алдында жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, керек болған жағдайда жөндеуден өткізіп, өңдеп және әктеп, пеш құдықтарын күлден тазарту керек;

– әр пеште жеке түтін мойыны немесе құдық қарастырылуы қажет;

– түтін мұржаларын тігінен орнатып балшық кірпіштен жасалған орын қалдырмай, қабырғасының қалыңдығы 120 мм болатындай етіп жобалау керек;

– ағаш жағылатын пештердің құдықтарында екі бірінен соң бірі орналасқан ысырма, көмір немесе шымтезек жағылатын пештердің құдықтарында диаметрі 15 мм болатын тетігі бар бір ысырма қарастырылуы қажет;

– түтін мұржаларының биіктігі колосниктің торынан бастап мұржаның сағасына дейін 5 метрден кем болмауы керек;

– пешті тек қана ересек адамдар жағу керек, пеш жағуды және жанып жатқан пешті қарауды балаларға немесе мас күйіндегі адамдарға тапсыруға болмайды;

– жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе оны есігін ашып қойып жағуға болмайды;

– пештің от алдырғышының алдында еденге 50х70 см темір қаңылтыр қағу керек;

– от алдырғыштың есігінен өртке қарсы қабырғаға дейінгі ара қашықтық 1250 мм –ден кем болмауы қажет;

– пешті бензинмен, керосинмен, соляркамен және басқадай жеңіл от алғыш заттармен тұтатуға болмайды, бұл өте қауіпті;

– пешті қатты қыздыруға болмайды, жағу ұзақтығы 3 сағаттан аспауы керек;

– пешке жиһазды, басқа жанатын заттарды жақын қоюға болмайды;

– пеште және пешке жақын жерде ағашты, киім-кешекті және басқадай жанғыш заттарды кептіруге болмайды – бұл өте қауіпті;

– ағашты және басқа жанғыш заттарды пеш алдындағы қаңылтырда қалдыруға болмайды;

М.НҰРМАХАНБЕТОВ,
Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, аға лейтенанты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы