Қазіргі ұлтжанды азаматтар үшін Абайтану мәселесінде өткенге көп өкініштер де болғаны рас.
Жасыратыны жоқ, Абайдың шуу дегеннен ақындықпен басталған ұлт үшін қайраткерлігі кезінде де келешек үшін даналық бағыттама, үміт еткен болашаққа жарық жұлдыздай жарқырап жол сілтеген ақыл-парасаты бүгінге дейін толық мағынасын жоғалтпады.
Ілгеріде, бір студенттен ұстазы: – Пәлендей мәселеде Ленин не айтқан,- депті. Сонда, сасып қалған бала: – Ағай, Ленин кез келген мәселеде не айтпады,- депті. Бұл әрине әзіл үшін шығар. Бірақ, Ұлы Абайдың қазақтың болашағы үшін өлеңдері мен қарасөздерінде не айтылмаған?! Егер біздер бағалай білсек, Абайдың конституциялық ақыл сөздерін, тарихпен байланыстыра бүгінгі пенделерге ұғындыра білу – тыңғылықты ақылмен насихатталып жүруі керек.
Хәкім Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» – деп айтқан сөзі сол кездегі қазақ қоғамы үшін – қасиетті Құрандағы сөзден кем емес адамдық, азаматтық, тәлім-тәрбиелік данышпандық еді.
Елбасымыздың Абай туралы інжу-маржандай таза мақаласына ел риза. Ұлы Абайдың көрегендікпен қалыптасқан ақыл-парасатын көпшілікке пайдалану үшін нағыз патриот білімді азаматтардың алдында талай асулар күтіп тұр.
Н.НАЗАРОВ,
ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістантанушы,
Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
