«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде дәстүрлі түрде өтіп отыратын «Музейге сый» акциясы басталды. Халқымыздың көзінің қарашығындай болған көне жәдігерлерін жинақтаудың, сақтаудың бірден-бір жолы заттай немесе жазбаша деректер, тарихи мұраларды музейге ұсыну болып табылады.
Тек музейлерде ғана көне жәдігерлер түрлі тақырыптардағы экспозициялық шешімдер арқылы көрерменнің көз қуанышына айналып тарихшы, археолог, этнограф, нумизмат тағы да басқа халық жадын жандандыруға қызмет ететін мамандардың зерттеулеріне арқау болуға мүмкіндік алады.
«Әзірет Сұлтан» музейінде жәдігерлердің кемшін тұстарын тарихи негіздерге сүйене отырып, қалпына келтіретін реставраторлар мен жәдігердің сақтығын қамтамасыз етудің ең тиімді әдістерін іске асыратын қор сақтаушылар қызмет етеді.
«Музейге сый» акциясына қатысып, халқымыздың тарихын түлетуге атсалысушы патриоттар қатарынан табылуға шақырамыз.
МУЗЕЙГЕ ЖАЗБАША, ЗАТТАЙ ТАРИХИ МҰРАЛАРДЫ ТАПСЫРУҒА ШАҚЫРАМЫЗ
839 көрілім