ҚҰТ ДАРЫҒАН ОТБАСЫ

1  233 көрілім

Отан – отбасынан басталады. Отбасының беріктігі – мемлекеттің мығымдығы. Сол мемлекетіміздің бір бөлшегіне айналып, бүгінде берекесі тасып, ынтымағы жарасқан сондай отбасылардың бірі – Жүсіповтар отбасы. Саналы ғұмырын елдің игілігіне арнаған Сырым ағамыз жұбайы Құрбанкүл екеуі 4 ұл мен 2 қызды тәрбиелеп, олардан 15 немере сүйіп отырған ардақты ата-әже.
1988 жылдан бастап «Жусипов СМ» жеке кәсіпкерлігін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырған ел ағасы 30-ға жуық азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шағын цех ашып трансформатор, генератор секілді электроқұрылғыларды шығаратын Сырым Жүсіпов ағамыз Мақтаарал және Жетісай, Шардара аудандарының сұранысын қанағаттандырып отыр.


46 жылдан бері бір шаңырақта берекесін асырып, ынтымақта күнелтіп келе жатқан жандардың отбасында болған мақтааралдық жастар өмірлеріне азық болар ғибратты әңгімелермен, үлкендердің ақыл-кеңестерімен сусындады.
Атырапқа ауызбіршілігімен өнегелі отбасы атанған шаңырақ иелері жастарға адалдық, отбасы құндылықтары мен ерлі-зайыптылардың ара қатынасы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәселелері, ата-ананың перзент алдындағы міндеті мен перзенттің ата-ана алдындағы парыздары жайында кеңінен сөз қозғады.

Бауыржан Найманов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы