Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы 2017 жылы құрылып жұмыс жасауда. Сектор жұмысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған құрбандарды, олардың ішінде күйзеліс пен дағдарысқа түскендерді, өмірдің қиын жағдайына тап болғандарды, мүгедектер мен жайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелет жасына толмаған балаларды және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтап, көмекке мұқтаж жандардың қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғауда. Түркістан қаласы әкімдігінің Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу сектор қызметкерлері психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек берумен түсіндіру іс шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда, өмірдегі ең өзекті мәселелердің бірі отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық болып тұрғаны анық. Жасыратыны жоқ, зорлық-зомбылыққа біріншіден әйелдер, балалар, қарттар, мүгедектер, қамқоршысы жоқ азаматтар көбірек ұшырайды. Көпшілік жағдайда зорлық-зомбылыққа отбасында неғұрлым әлсіз болып табылатын әйелдер душар болатындығын көрсетті. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептері тұрмыстық ұрыс-керіс, қолайсыз материалдық жағдай, қызғаныш, отбасындағы психологиялық климат. Негізгі зорлық-зомбылыққа алып келетін жағдай ішімдік ішуден болады және даулардың жиі денсаулыққа зиян келтірумен аяқталатынын көрсетеді.
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында халықтың тұрмыстық деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шаралар өтуде. Тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік – тұрмыстық мәселелердің шешілмеуінен отбасы қатынастарында қиындықтар туындайды. Сол үшін, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, заңды кеңес бер, психологиялық көмек басқа да салалар бойынша көрсетілетін көмек түрлері туралы, сізге толық ақпарат беруге және қолдау көрсетуге дайынбыз. Сіздің қабылдауыңыз құпия түрде сақталатынына кепіл береміз. Біздің мамандар сізге тегін түрде құқықтық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді.
Егер сізге немесе сіздің жақындарыңызға көмек керек болса, ХАБАРЛАСЫҢЫЗ! Мекен-жайы: Әмір-Темір көшесі №28 Түркістан қалалық әкімшілік 3 қабат ( Бұрынғы Этнографиялық музейдің 3 қабат)
Г.БАЙТИЛЕУОВА,
Әлеуметтік психологиялық
сүйемелдеу секторының меңгерушісі