Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды» – делінген хабарламада.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде кезекші болып бастаған. 1997-1999 жылдары – Алматы қаласындағы ҚР Әуе тасымалы Орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігер, эпидемиолог болып еңбек еткен.
1999 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Істер Басқармасының Медициналық орталығы құрылымында санитарлық-эпидемиологиялық станцияның жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігері, жедел бөлімнің бастығы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, РМК Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры, басшының орынбасары болып жұмыстар атқарған.
Түркістан-ақпарат.