ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 47 ДЕБАТ ӨТКІЗІЛДІ

1  279 көрілім

    Түркістан облысында 14 және 15 қыркүйек күндері праймериз аясында 47 жария пікірсайыс өткізілді. Тартысты да тартымды әрі жақсы ұйымдастырылған дебаттарға аудан, қалалардан  жалпы саны 233 үміткер қатысып, өзара ой жарыстырған.
Аталған дебаттар партия филиалдарының  ресми аккаунттарында тікелей эфирде  көрсетілуде.  Облысымызда ерекше ұйымдастырылған пікірсайыстың бірі ретінде Түркістан қаласы  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы 1000 орындық амфитеатрда өткізілген іс-шараны айтсақ болады.
Естеріңізге сала кетейік, жария пікірсайыс 14 қыркүйекте басталып, 30 қыркүйекте аяқталады. Осы мақсатта «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы тарапынан дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған 209 орын белгілеген болатын. Оның 128-і мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар болса, 58-і мейрамханалар мен жеке кәсіпкерлік нысандары, 23-і жеке үйлер мен спорт ғимараттары саналады.
Айта кетейік,  праймериз ережесіне сәйкес Түркістан облысында 17 тамыз бен 28 тамыз аралығында кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүрді. Бұл аралықта барлық аудан, қалаларда праймеризге 1144 кандидат тіркелген болатын.
Алдағы 1-3 қазан аралығында үміткерлерге дауыс беріледі. Оған  «Nur Otan» партиясының  Түркістан облыстық филиалының 80 мыңнан астам  мүшесі қатысады деп жоспарлануда. Олар 245 бастауыш партия ұйымына бекітілген. «Nur Otan»  партиясы

Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы