Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршитінін бәрімізге мәлім. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын басталып отыр. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін, алғаш болып Түркістан қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасарлары бірінші болып салдырды.
Биылғы жылға Түркістан қалалық емханасында 11500 адамға екпе салу жоспарлануда. Вакцинаны тегін алуға болады: созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; медицина қызметкерлері; жүкті әйелдер (жүктіліктің II-III триместрлері); жабық үлгідегі мекемелердегі (балалар үйлері, мектеп-интернаттар); мүгедектер, ересектер және созылмалы аурулары бар балалар;
– 60 жастан асқан адамдар. Алғашқы бірінші күні, яғни қыркүйектің 15-не Түркістан қалалық емханасында 392 адамға екпе салынса, оның 166-ы медициналық кызметкер болып табылды. Әдетте тұмаудың эпидемиялық маусымы 1-ші қазаннан басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. Алғашқы қазан-қараша айларында риновирус, аденовирус, парагрипп сияқты жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеледі. Сондықтан екпе жұмыстары алдын ала қыркүйек айынының 15-нен басталуда.
Қуаныш Тасыбаев.