Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы болғандықтан үнемі ізденіс пен дамуды қажет етеді. Өйткені, адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі де осы білім саласы.
Бүгінде бұл салаға үлкен көңіл бөлініп, болашақ ұрпақтың заман талабына сай білім алуына кеңінен жағдайлар жасалуда.
Жетісай қаласында сондай талантты да талапты бүлдіршіндердің басын қосып, бағыт-бағдарын айқындайтын “School Leader” бастауыш мектебі өз жұмысын бастауда. Мектепке дайындық, 1 – 4 сынып оқушыларына заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беретін жекеменшік мектебі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дәріс өтеді.
Елдегі карантиндік жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары сақталып, сабақ өтілетін “School Leader” бастауыш мектебінде білікті ұстаздармен қатар логопед мамамандары да жұмыс істейді.
Бүлдіршіндердің сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін қосымша пән үйірмелері, би, ән-саз, бейнелеу үйірмелері, шахмат, тоғызқұмалақ пен футбол секілді спорттық үйірмелер жұмыс істейді.
Қосымша мәліметтер үшін +7 775 932 82 58; +7 778 980 37 37 нөмерлеріне хабарласуларыңызға болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ.