- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстанда қазіргі таңда отандық кәсіпорындар маскалар мен қорғаныш костюмдеріне деген ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етіп отыр. Мұнымен тоқталмай, бұл өндіріс көлемін ары қарай ұлғайтуға ниетті, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін өткен Үкімет отырысында.
Атамқұловтың айтуынша, ел аумағында пандемия басталғаннан бері жеке қорғаныс құралдарын өндіру көлемі 10 есеге артқан.
– Егер Қазақстанда пандемияға дейін күніне 137 мың маска шығарылса, бүгінде бұл 10 жаңа өндірістік нысанды пайдалануға берудің арқасында 1,2 миллионға жетіп отыр,- деді министр. Айына шаққанда 504 мың қорғаныш костюмі мен 330 мың медициналық қолғап шығарады.
Өндірісті арттыру үшін нақты мынадай жоспарлар құрылған:
– Фармацевтика өнеркәсібінің өндіріс көлемін екі есеге арттыру (92 миллиардтан 184 миллиард теңгеге дейін);
– Дәрі-дәрмектер экспортын екі есе яғни 116 миллион долларға дейін арттыру;
– Бір реттік маскалар шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қуатын тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін арттыру;
– 2021 жылға қарай қорғаныш костюмдерін өндіруді айына 500 мыңнан 1 миллион данаға дейін ұлғайту.
Түркістан-ақпарат