ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауын жариялады. Онда қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу туралы пікірін білдірді.
Карантин жағдайында дағдарысқа қарсы едәуір шаралар атқарылғандығын білеміз. Мәселен, 42 500 теңге мөлшеріндегі көмекті 4,5 миллионнан астам азамат алған екен. Мұндай жәрдем тіптен өзге мемлекеттерде де берілмеді деуге болады. Сондай-ақ, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға жәрдем берілді. Президент Жолдауда мұғалімдердің де жай – күйін назардан тыс қалдырмады. Өткен жылдың соңғы тоқсанында қашықтықтан білім берілген болатын. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек екендігін жеткізді. Ол өз сөзінде: «Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді»,- деді ел Президенті. ХХI ғасыр бiлiм мен ғылым ғасыры. Бұл ғасырда жас ұрпаққа цифрлық бiлiм беру ресурстарын дамыта отырып, жастарға интернетке, видеоқұрылғыларды орнату жұмыстарын да қолға алып, заманауи технологиялармен еркiн жұмыс iстеу қажеттiгіне Мемлекет басшысы айрықша басымдық бергенi баянды болашағымыздың кепiлi деп бiлемiз.
Жанар БЕЙСЕНӘЛІҚЫЗЫ,
№12 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
