Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясы мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын, ашықтығын, қолжетімдігін және есептігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық–партиялық бақылаулар жүзеге асырылуда. Қаламызда салынып жатқан құрылыстар, әсіресе әлеуметтік нысандар партияның тұрақты бақылауында. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға бұқара халық қолдау білдіріп келеді.
Жалпы енгізіліп отырған өзгерістер жобасы біздің мемлекетіміздің тәжірибе жағынан да, рухани сана биігінен де, болашаққа деген даму тұрғысынан да дер кезінде көтеріліп, болашағымыздың игілікті боларына кепілдік беретін мазмұнды қадамдар екендігі даусыз. Күні кеше Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған кең ауқымдағы кезекті Жолдауы жарияланды. Ел жасампаздық пен жаңғырудың жаңа кезеңін бастады. Жалпы Президенттің бұл жолғы Жолдауы өзінің жүйелілігімен ерекшеленді. Бұл жолғы Жолдау ел дамуындағы үлкен бір жоспардың кезекті айтулы сатысын меңзейді. Президент оны «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» деп атады.
Былтыр еліміздегі өкілді органдар – мәслихаттардың құрылғанына 25 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруда қалалық мәслихаттардың атқарушы билікпен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі деп білемін. Мәслихаттардың құзыреті ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы заңмен белгіленеді, яғни мәслихаттар өз жұмысын ҚР Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару туралы» Заңын, ҚР Президентінің «Мәслихаттың үлгі регламенті туралы» Жарлығын басқа да нормативтік-құқықтық акітілерді басшылыққа алып жүзеге асырады. Осы ширек ғасырдан аса уақытта мәслихаттардың қызметі қоғамда өзіндік рөлін атқарып келеді. Бұл жерде депутаттар өздерінің депуаттық міндетін қоғамдық негізде, яғни жұмыстарынан қол үзбей жүзеге асырылатындығын ескерген жөн.
Мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес маңызды мәселелер енгізіліп, сессияларда талқыланып, тиісті шешімдер қабылданып отырады. Атап өтсек, қала көлемінде жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы, қаланың газдандыру жұмысын толық аяқтау, электр қуатымен қамтамасыз ету, сапалы медициналық қызмет көрсету, жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстары, қалада бұқаралық спортты дамыту, қала боджетінің тиімді игерілуі тағы басқа да өзекті де маңызды мәселелер депутаттардың үнемі басты назарында екені жасырын емес.
Бүгінде халық қалаулылары, өз сайлаушыларының мұң-мұқтажын, орын алып отырған көкейкесті мәселелерді билік органдары алдында көтеріп, олардың оң шешімін табу жолында аянбай еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, қалалық мәслихат депуттары атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың уақтылы әрі сапалы орындалуына өздерінің сүбелі үлесін қоса береді.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Біз біргеміз» атты акция республика көлемінде жүргізілді. Елміздегі орын алған індетке байланысты тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлікпен қамтамсыз етілді. Осы тұрғыда біздің отбасымызда жыл сайын қайырымдылық жасаудан шет қалған емес. Сәрсенбаевтар әулеті жыл сайын қаламыздағы аз қамтамасыз етілген отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Рамазан айында игі амалдар жасауға тырысамыз. Қасиетті айдың құрметіне орай 50-ге жуық отбасына бірінші кезекте тұтынуға арналған қажетті заттар берілді. Бұл елімізде жарияланған карантин кезінде қазақстандықтарға кәсіпкерлерімізді қолдау білдіруге шақырған ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына үн қосу деп білемін.
Осы бір қауіпті індет әлемді шарпыған шақта халықтың бірлігі мен ауызбіршілігінің жоғары болуы – еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, ел болып еңсеруімізге мұқалмас күш-жігер береді. Бірлігі бекем елді жау тұрмақ, жұқпалы індетте жайпай алмасы анық. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп қазыналы ой қалдырған ата-бабамыз қашанда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, татулықты бойтұмары еткен.
Бірлік – бәріміздің де басты мұратымыз. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстанымыздағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулық – халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасы өркендеуінің басты кепілі. Қай заманда болмасын сан қилы кезеңдерді бастан өткерген еліміз қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Демек тындырымды тірліктің, дамудың да, бейбітшіліктің де бастауы бірлік. Қасиетті өңірімізде жұдырықтай жұмылып, тұрмыс кешуіміз тәуелсіз еліміздің тұғыры биіктей түскенінің кепілі болмақ.
Ғаппар СӘРСЕНБАЕВ,
Түркістан қалалық мәслихат хатшысы.