- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Өздеріңізге хабардар еткендей, қала аумағында мониторингтік топ құру бойынша жұмыстарды бастадық. Осы мақсатта, қызығушылықтарыңызға байланысты кері байланыс жасап, ойларыңызды білудеміз.
⠀
Қазіргі таңда қаладағы ең өзекті мәселелерді тізімге ала отыра:
1) Әлеуметтік сала;
2) Білім;
3) Жол;
4) Инфрақұрылым;
5) Құрылыс;
6) Абаттандыру;
7) Көгалдандыру;
8) Кәсіпкерлік;
9) 32 сектор;
10) Цифровизация салаларында атқарылып жатқан жұмыстар сапасын бақылау бойынша топ құруды мақсат еттік. Осы апта ішінде өтінімдеріңіз қабылданып, өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша топқа қосылып, сол сала бойынша атқарылып жатқан істерді, жұмыс барысын, сапасын нақтылап, халық атынан бақылап, ойыңызды айтып, жандануына үлес қоса аласыз. Ол үшін @nurotan.turkistan парақшасына жеке жазба ретінде дайрект арқылы өзіңіз жайлы мағлұмат жіберулеріңізді өтінеміз.
⠀
Мониторингтік топтың құрамында шынайы жанашырлық танытар, халық қамын ойлар азаматтардың боларына сенеміз. Ал, құрылатын әр мониторингтік топ кездесулері бойынша мәлімет алдын ала жекелеріңізге жолданатын болады.
Рашид Аюпов,
Түркістан қаласының әкімі.