ӨРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ

898 көрілім

2020 жылдың 6 айында өрт сөндіру бөлімімен 663-рет, түрлі шақыруларға шықты. Соның ішінде өрттерді сөндіруге 22-рет авариялық-құтқару жұмыстарына 7-рет шығып, 6 адам құтқарылды. Өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына 116 рет және осы жылдың 6 айында жалған шақырулар орын алмады.

Жалпы өрттен келген шығын 61 миллион 100 мың теңгені құрап, 54 миллион 600 мың теңге соммасындағы материалдық құндылықтар құтқарылды. Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші қызметкерлерінің адал жұмыстарының арқасында қала аумағында болып жатқан ірі өрттерді дер кезінде сөндіріп, адам денсаулығына және өрттің таралып кетпеуіне жол берілмеді.

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары сіздерден үйдегі және басқа да орындарда жүргенде өрт қауіпсіздігін қатаң түрде сақтауды сұранамыз.

Кез келген сұрақ бойынша немесе өрт оқиғасы орын алған жағдайда «101» немесе 8(725-33) 4-24-01 нөмірлеріне хабарлассаңыздар болады.

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен ТАНИРБЕРГЕНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы