- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы өкілдігінің қасиетті Рамазан айына байланысты өңір халқына үндеуін жариялады. Бас қосуға, Түркістан облысы ҚМДБ-ның өкілі, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді, Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков қатысып сауаптардың сансыз еселеніп жазылар Рамазан айындағы қайырлы істер жайында айтты. «Баршаңызды әлем мұсылмандарының сағына күткен, берекелі де, қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Рамазан айы баршамызға құтты болғай!»-деп өз құттықтауларын жеткізді.
– Рамазан ынтымақ пен бірлік айы. Осы айда берілетін ауызашарлар
ағайын-
жұрттың арасын жақындастыра түседі. Қасиетті айдың құрметі үшін
күнделікті тіршілігімізде болатын қайғы-қасіретке сабырлық танытып,
күндіз ауыз бекіткен басқа да мұсылмандарға құрмет көрсете отырып,
құдайы астар мен садақаларды, ішім – жемді ауызашар уақытына қалдыруға
шақырамын. Түркістан рухани астанамыз деп ой салар дүниені қозғап,
мұндағы әруақтарды құрмет етіп, ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың
бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген
тілегімді білдіремін. Қаламыздың кәсіпкерлеріне, дүкен иелеріне осы
қасиетті айда сол арақ шарапсыз сауда жасаса деген ниетім бар,- деп
М.Ақтамберді өз өтінішін жеткізді.
Расында, Жаратушы Иемізге ұнамды әрбір қайырлы іс-үлкен сауап. Осы айлардың ішіндегі сұлтаны Рамазан айында өзге қалаларға үлгі болып, жаппай барлық дүкендерде арақ-шарап саудасы тоқтатылса нұр үстіне нұр болар еді. Рамазан-қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік айы екендігін де ұмытпаңыз. Мұқтаж жандарға зекетіңізді беріп, жетімдердің басын сипап қуанышқа кенелтіңіз.
Әсем ӘМІРЕЕВА,
«Түркістан»

