МАҚТААРАЛДА АЛҒАШҚЫ КӨСЕКТЕР АШЫЛА БАСТАДЫ

3  462 көрілім

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының экспериментальдық алқаптарында ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы отандық Мақтаарал – 4005, Мақтаарал – 4007, Мақтаарал – 4011, Мақтаарал – 4017 және Береке – 07 мақта сорттарының төменгі ярустарының симподиялық сабақтарында алғашқы мақта көсектері ашыла бастады. Аталмыш мақта сорттарының шиті биылғы жылы сәуірдің 22-25 жұлдызы аралығында себіліп, тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда әрбір түп мақта қозасында орташа 10-15 данадан мақта көсектері қалыптасқан. Бұл дегеніңіз қазірдің өзінде әр гектардан 30-35 центнер өнім алуға болады деген сөз.

Өндірістік және эксперименталдық алқаптарда мақтаның жиын-терім алдындағы қарқынды агротехнологиялық шаралары қызу жүргізілуде.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы