Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар қарқынын өткен жылдармен салыстыру әсте мүмкін емес. Уақыт өткен сайын күш алып келеді. Соның ішінде құрылыс саласын ерекше атап өтуге болады. Жергілікті тұрғындар да осы салада жұмыспен қамтылып, қалада тұрақты жұмыс орындарының саны артуда.
Баспана кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі де көп күттірмей шешіле бастады. Түркістандағы мұндай жағдайды бұрынғыдай өңіріміздегі аудан, қалалармен емес еліміздегі, тіпті өзге мемлекеттердегі маңдайалды шаһарлардың деңгейімен салыстыратын дәрежеге жеттік.
Айта кетерлігі, бұл жерде тұрғындар шағын және орта бизнес саласына жақсы бейімделген. Осы бағытты одан әрі дамыту мәселесінде бірқатар жобалар қолға алынды.

Өкініштісі жер жүзін алаңдатқан қауіпті індет осы бір тірліктерді жеделдетіп жетілдіруге кедергі келтіріп отыр. Сол себепті жергілікті биліктің кездескен қиындықтарға қарамай тұрмысты тұралатпау үшін атқарып жатқан істерін бағалап, мұндай жағдайда ел ішіндегі уақытша шектеулер, одан туындаған өткінші мәселелерге түсіністік таныту қажет.
Қанша жұмыс жасалса соған сәйкес соншалықты мәселе туындайтыны да сөзсіз. Оны бірлігімізбен шешеміз.