ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ МЕН ЖҰМЫС САПАСЫ ӘКІМ БАҚЫЛАУЫНДА

790 көрілім

Естеріңізде болса қала әкімі жұмыс уақытынан тыс шаһардағы мәселелермен танысуды жоспарлағанын әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Осыған орай, Рашит Абатұлы қаладағы құрылыс жұмыстарының сапасымен танысып және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін басшылыққа алып орын алған мәселелерді сол жерде шешуді іске асыруда. Осы дәстүр бүгін таңертең тағы да өз жалғасын тапты.

Әкім қаланы аралау барысында «Отырар» ықшамауданына барды.
Мұнда жаңадан салынған 38 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларындағы ойын алаңшалары мен орындықтарының тозығы жетіп, балаларға арналған кіші футбол алаңшаларының қоршау сымдары үзілген. Бұл жөнінде облыстық ақсақалдар алқасының сектор төрағасының орынбасарымын деп таныстырған Қуандық Ерсұлтан әкіммен тілдесіп, осы мәселе оңды шешімін тапса деген ойын жеткізді. Мәселені әкімдік қызметкерлері назарға алды.

Келесі бағыт «Шавгар» мөлтек ауданында жалғасты. Аталған мөлтек ауданда тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін «Азия сервис – AS» ЖШС қызмет жасауда. Екі кезең аясында жүргізілетін жұмыстардың қазір I-кезеңі атқарылып жатыр. Рашид Абатұлы мердігер компания өкілдеріне жұмыс қарқынын күшейтіп, межелі уақытта аяқталуы керек екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, кәріз жүйесі жүргізілмеген аумақты аралап, мердігер мекемеге істің сапасына көңіл бөле отырып, нәтижелі жұмыс атқаруын ескертті. Жоспарға сай әлеуметтік маңызға ие нысандарды аралау шарасы алдағы күндері де өз жалғасын таба бермек.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы