Р.АЮПОВ «БЕКЗАТ» МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БОЛДЫ

983 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов “Бекзат” мөлтек ауданында атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен танысты. Алдымен, маусым айында басталған Балтакөл тас жолы бойындағы 1.2 шақырымға созылған аллеяны көріп, бірқатар сын-ескертпелер жасады.

“Көркем қала” ЖШС мердігерлік ететін аллея құрылысына қатысты қала басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында веложол, таңертеңгілік жүгіруге арналған жол болуын айтып, жобаны қайта жасауды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі Т. Бәйтерекұлы көшесіндегі екі қабатты үйлердің (Черемушка) жуық арада жөндеуден өткізу мәселесін көтерді. Соның ішінде жұмысты тездетіп, тиісті шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Мұнда табиғи газ, кәріз жүйесі орналастырылып, сыртқы әжетханалар алынатын болады.

Және де аталмыш мөлтек аудандағы А. Үсенов және Ә. Сандыбай көшелері бойы көгалданады. Қазіргі күні топырағы тегістеліп, су көздерінің жүйесі жүргізілген. Көгалдардың алдағы уақытта қуармай, уақытында суғарылуы үшін жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарланған. Одан бөлек, Рашид Абатұлы жарықшамдар орнату қажеттігін де айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы