- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жаңа коронавирус (КоВ) – адамдарда осы уақытқа дейін анықталмаған коронавирустың жаңа штаммы. COVID-2019 деген атауға ие болған жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды.
ҚАНШАЛЫҚТЫ ОЛ ҚАУІПТІ?
COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдар ауыруы ықтимал.
ҮЙ ЖАНУАРЫНАН ЖАҢА КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІ БАР МА?
Жоқ, қазіргі таңда COVID-2019 жұқпасының үй жануарлары (мысық, ит) арасында тарағаны немесе олардың осы вирусты таратуы туралы мәліметтер жоқ.
ЖАҢА КОРОНАВИРУС АДАМНАН АДАМҒА БЕРІЛУІ МҮМКІН БЕ?
Иә, COVID-2019 респираторлы аурудың қоздырғышы болып табылады және әдетте вирусты жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда, мысалы үй жағдайында немесе медициналық мекемеде адамнан адамға таралуы әбден мүмкін.
МЕН ӨЗІМДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙ АЛАМЫН?
– Аурудың таралуы туралы актуальды ақпаратты бақылаңыз;
– Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз *Не үшін? Егер қолдарыңызда вирус болса, бұл оны өлтіреді;
– Қоғамдық орындарда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 метр арақашықтықты сақтаңыз *Не үшін? COVID-2019 респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус бар майда тамшыларды айналасына таратады. Егер Сіз науқас адамның жанында болсаңыз, онда вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруыңыз мүмкін;
– Қолдарыңызбен көздеріңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз *Не үшін? Біз көптеген заттардың бетін қолдарымызбен ұстаймыз, онда вирус болуы әбден мүмкін. Содан кейін көзімізді, мұрнымызды және аузымызды ұстағанда қолымыздағы вирусты ағзамызға таратуымыз ықтимал;
– Дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы болса, бірден медициналық көмек сұрап дәрігерге қаралыңыз *Не үшін? Аталған белгілер респираторлы жұқпаның, соның ішінде COVID-2019 вирусының әсерінен туындауы мүмкін. Ол сіздің соңғы сапарларыңызға және кіммен қарым-қатынаста болғаныңызға байланысты.
ӨЗІМДІ ҚОРҒАУ ҮШІН МАСКА ТАҒУЫМ КЕРЕК ПЕ?
Медициналық масканы кию кейбір респираторлық аурулардың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның өзі жұқпаға кепілді бөгет бола алмайды. Масканы киюді басқа да алдын алу шараларымен үйлестіру қажет. Яғни қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасы, өзара және басқа да адамдармен 1 метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып, тығыз қарым-қатынастан алшақ болу керек.
Сонымен қатар сізде респираторлы жұқпаның белгілері (жөтел немесе мұрыннан су ағу) болса, айқын емес белгілердің аясында коронавирустық жұқпаға күдік туындаса немесе коронавирустық жұқпамен науқастанған адамды қарасаңыз, міндетті түрде масканы қолдану қажет. Егер науқас COVID-2019 жұқпасының жағдайлары тіркелген Қытай аймағына барып келсе немесе Қытайдан келген және респираторлы жұқпаның белгілері бар адаммен тығыз қарым-қатынаста болса, онда коронавирустық жұқпаға күдіктенген дұрыс.
Ш.АШИМБЕКОВА,
облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының баспасөз маманы.