ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЖЕТКІЗІЛДІ

1  473 көрілім

Бүгін Түркістан қаласы тұрғындарына аса қажетті дәрі-дәрмектердің алғашқы топтамасы келді. Қала әкімдігінің логистикалық ықпалымен, Алматы қаласындағы фарм компаниядан алынған 136 түрлі дәрі-дәрмек дәріханаларға жеткізілді. Оның ішінде: антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарына арналған дәрілермен толығып, келісімге келген дәріхана сөрелеріне орналастырылып, тек шекті бағадан асырмай сатылатын болады.

Дәріханалар тізімі мыналар:

  • “Мадина фарм”, Қожанов көшесі нөмірсіз;
  • “ИП Умиралиева”, Қожанов көшесі нөмірсіз;
  • “ИП Еримбетова”, Тәуке хан көшесі, 192д;
  • “ИП Сартаев”, Яссы көшесі, 26 б;
  • “Абу-акбар”, Талқанбаев көшесі 66;
  • “ИП Таджиметова”, Тәуке хан көшесі, 182

Қосымша дәрілер алуға өзге компанияларға да сұраныс берілген. Алдағы уақыттарда тұрғындардың қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілуіне және дәрі бағаларының негізсіз көтерілуіне жол берілмеуі көзделіп отыр. Ал ондай жағдайды байқаған тұрғындар енді Amazing Turkistan қосымшасының “Дәріхана” бөлімінде “Шағымдану” бөлігі арқылы хабар бере алады.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы