Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың ҚР Үкіметінің бүгінгі өткізілген кеңейтілген отырысында сөйлеген сөздерімен толық таныстым. Оның тарапынан айтылған барлық сын-ескертпелерді өте нақты және орынды деп санаймын. Жасыратыны жоқ, Үкімет пен оның қарамағындағы барлық деңгейдегі құзырлы органдар өздерінің тікелей міндеттерін заман талабына сай орындай алмай отырғандықтары рас. Сондықтан еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып-жаңарту қажет деген ұсынысы дұрыс, өйткені бұл бүгінгі күннің талабы. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жариялаған ұстанымдары мен талаптарын қолдаймын.
Бақытжан Бейсембаев,
“Бітімгер” медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі
