ЖЕТІСАЙДА ДӘРІ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ТЕКСЕРІС ЖҮРУДЕ

923 көрілім

Бүгінде елiмiздегі covid19 коронавирус панедемиясын жұқтырушылар мен пневмания (қос өкпенің қабынуы) дертiне шалдығушылардың саны күннен-күнге артып, эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отырғаны жасырын емес. Осы мәселеге орай, кешегi аптада облыс аумағында 19 шiлдеге дейiн күшейтiлген карантиндік режим енгiзiліп, жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан қатаң бақылауға алынып отыр.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында аудан дәріханаларындағы дәрі-дәрмек бағасын шектік бағадан көтеру, әдейі тапшылық жағдайларын туындату мәселелерін болдырмау, алдын алу, дәріхана иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында “Жетісай Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесінің басшылығымен арнайы мониторинг топ рейдтік шарасын ұйымдастырды.

Құрамына БАҚ өкілдері мен санитарлық қызмет мамандарын біріктірген топ жұмысын Жетісай қаласы мен Асықата кентінің дәріханаларынан бастады. Әр дәріханаға жеке-жеке кіріп дәрілердің сатчлу бағасымен, егу бөлмелерінің санитарлық тазалығымен танысып, жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағаздарына көз жүгіртті. Әрбір тауарға берілетін фискальды-чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуы басты назарға алынып, жіберілген кейбір кемшіліктер бойынша дәріхана иелеріне ескертулер берілді.

Айта кетейік, мұнан да басқа Жетісай ауданында елiмiздiң бас санитарлық дәрiгерiнiң қаулысына сәйкес жұмысы уақытша тоқтатылған және қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, бекiтiлген уақыт тәртiбiмен жұмыс жасап жатқан сауда орындары мен тамақтануға арналған жайларға, басқа да объектiлерге рейдтік шаралар күнделікті ұйымдастырылуда.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы