БҰЛ ҚАДАМДЫ ҚҰПТАУҒА ТОЛЫҚ НЕГІЗ БАР

881 көрілім

Жақында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойғанын хабарлаған болатын. Сол-ақ еді бұл саяси бастаманы қолдаушылардың қатары күн санап арта бастады.

Ал бұл біз үшін қандай өзгеріс алып келеді? Ағылшын тілінен аударғанда «Primary» сөзі «алдын алу» мағынасында қолданылады. Сайлау үшін ең күшті және танымал кандидаттарды ұсыну өткізілетін атқарушы немесе заң шығарушы органдарға алдын ала сайлауды, партияішілік таңдауды білдіреді. Бұл саяси дәстүр халықтың саяси өзін-өзі тану жүйесі дамыған күшті саяси бәсекелестік жағдайында кеңінен таралған. Әсіресе АҚШ-та кең қанат жайған сайлау алды жарыстың көркін қыздыратын науқандардың бірі болып табылады.

Сондықтан, «Праймериз» дәстүрін «Nur Otan» партиясының ішкі саяси жүйесіне енгізуі менің көзқарасым бойынша, оншалықты беймәлім және қорқынышты құбылыс емес. Керісінше, бұл белгілі бір кезеңдерде және дұрыс ұйымдастырылған жағдайда жаңашылдық партия мүшелерінің саяси ерік-жігерін демократияландыруға септігін тигізіп, оған назар аударуы мүмкін.

Бұл процеске халықтың кең қатысуы, ашық саяси бәсекелестік және сайлаушылардың сұраныстарын қалыптастыру, олардың кейбір мәселелерді түсінуі немесе қабылдамауы партияға тек өзі үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін өзекті және бөлінбейтін саяси күн тәртібін құруға септігін тигізеді.
Осыған байланысты партияның жас және жасампаз басшылығының бұл саяси технологиялық қадамын құптауға толықтай негіз бар.

Ғалымжан БИМУРЗАЕВ,
Түркістан жоғары медицина колледжінің директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы