- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Түркістанда көше бойындағы халық көп шоғырланатын аялдамалар, банкоматтар және дәріхана, дүкен маңайлары дезинфекцияланды, деп хабарлайды “Yassy-tur.kz” ақпараттық агенттігі Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Ертеңнен бастап үй аулаларын залалсыздандыру жұмыстары қарқын алмақ. Дезинфекция жасалған уақытта аса қажеттіліксіз үйден шықпағандарыңыз абзал.
⠀
Сыртқа шыққанда үнемі медициналық бетперде тағып, арақашықтық сақтап, антисептик қолданғандарыңыз жөн!
⠀
Одан өзге, кәсіпкерлік нысандар өзіне қарасты аумақтарды демалыс күндерде, тұрғындар денсаулығы үшін және пандемияны сейілту мақсатында дезинфекция жасауға міндетті екенін ескерте отырып, әрдайым тазалықты сақтап, шарттарды орындау ләзім.