Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №25 Қаулысына орай Түркістан қаласында біршама өзгерістер енгізілді.
⠀
Атап айтсақ: базарлардың жұмыс режимі дүйсенбі-жұма күндері 10.00-16.00-ге дейін шектелсе, сенбі-жексенбі күндері жұмысы тоқтатылады. Сұлулық салондары мен шаштараз (алдын ала жазылу бойынша) 10.00-20.00 шектелсе, туризм объектілері мен ұйымдардың (демалыс үйі, бассейн, жағажай) қызметіне тыйым салынды.
⠀
Қоғамдық тамақтану объектілері де 50 адамға дейін және арақашықтықты сақтай отырып, жұмыс күндері 10.00-21.00 дейін, ал демалыс күндерде жұмысы тоқтайды.
⠀
Қоғамдық көліктер де дезинфекция жұмысын күшейте отырып, жұмыс күндерде таңертең 6.00-10.00, кешкісін 17.00-21.00 аралығында тасымал жасаса, демалыс күндерде жұмысы тоқтатылады.
⠀
Көтерме сауда базарлары бес күн 5.00-16.00, ал демалыс күндерде жұмысын тоқтатады. Жұмыс күндері супермаркет, минимаркет, дүкен жұмысы 10.00-20.00 аралығында, ал демалыс күндерде 10.00-18.00 дейін шектеледі. Азық-түлік емес сауда орталықтары тек бес күн бойы 10.00-16.00, сондай-ақ піскен тағамдар, фастфуд, балмұздақ, сусын т.б сату дүңгіршектері де бес күн ғана 10.00-18.00 аралығында жұмысын жалғастырады.
⠀
Барлық ұйымдарда адам көп жиналатын жиналыстар, конференциялар, семинар мен форумдар өткізуге тыйым салынды.
⠀
Амбулаториялық-емханалық, стоматологиялық, тексеріп-қарау және басқа да жоспарлы медициналық қызметтер уақытша тоқталады.
⠀

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
1 040 көрілім