Түркістан шаһары төрінде қатарынан екінші жыл өткізіліп отырған «TURKESTAN OPEN MEDIA-2020» форумы жоғары деңгейде болып өтті.
Журналистер одағының облыстық филиалы ұйымдастырған шара «Пандемия тұсындағы инфодемияның бүгіні және ертеңі» деген арнаулы тақырыпқа арналды. Онлайн форматта өткен конференцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Түркістан, Жамбыл облыстарынан қаламы жүйрік журналистер, ажалға араша түсіп жүрген медицина саласының мамандары қатысты.
Шара барысында пандемия қаупінің әсері, оның таралу жағдайы, қарапайым қауымға жетіп жатқан ақпараттардың өзектілігі жан-жақты талқыланды. Өйткені бүгінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың көптігі, сұраныстың қажеттілігі аясында ақпараттарда тез таралып жатыр. Оның ішінде желдей ескен жалған ақпараттардан аяқ алып жүре алмайтының да жалған емес. Осылай кете берсе пайдасынан зияны көп екенін ұғынған дұрыс. Бұл туралы мамандар пікірі де осы ойға байланған. Нақтылап айтар болсақ инфодемияға ұшыраған адам өмірден түңіліп, қарсылық қуаты кемиді. Тіпті коронавирустың таралуын шектеуге бағытталған талаптарды сақтауға құлықсыздар саны артады. Міне осылай кете берсе онсызда өршіп тұрған індетті тізгіндеу қиынға соғары даусыз.
Енді не істемек керек дегенге жауап осы жиында айтылды десек болады. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановтың пайымдауынша да нақты ақпарат халыққа дұрыс жетпей бұрмаланып жататын жәйіт көптеп кездеседі екен.
Облыс бойынша бүгінге дейін коронавирус жұқтырған 619 науқас тіркелен. Оның 307-сінің клиникалық белгілері бар болса, қалғанының ауруы симптомсыз өтуде дей келіп, әуелі індет жұқтырғандардың жас ерекшелігі бойынша салыстыра қарайтын болсақ 22,9 пайыздық ең жоғары көрсеткішті 20-29 жас аралығындағылар аса белсенді топтың құрап отырғанын жеткізді. Ал 30-39 жас аралығындағылар 22,1 пайыз, 40-49 жас аралығындағылар 18,7 пайыз, 50-59 жас аралығындағылар 16,2 пайызды құрйтынын, үлкендердің де арасында кездесетініне тоқталды.
Өз кезегінде сөз тізігінін ұстаған Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай індеттің адамдар өмірін жалмап, мемлекеттердің экономикасына, медианарыққа да әсері орасан екені туралы ойын ортаға салды.

«Әлемнің көптеген елдеріндегі ақпарат құралдары үлкен қиындыққа тап болып жатыр. Үш айдан бері карантин режимінде жұмыс істеп келе жатырмыз. Ал осындай шектеу кезеңі қашанға дейін созылады? Карантин тағы үш айға, алты айға, 1-2 жылға созылса газет-журналдардың, телеарналардың жай-күйі не болмақ?» деді Ғалымжан Елшібай.
Онлайын жүйе арқылы сөз алған ҚР Парламенті мәжілісінің депутат Дархан Мыңбай, журналист қауіпсіздігі жайын айтқан Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, «Тексерілмеген ақпарат және журналист жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасаған Жұлдыз Әбілдә, Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің бөлім меңгерушісі Маржан Рақайлар өз кезегінде өзекті ойларымен бөлісті. Бәріне ортақ болған мәселелер қатарында журналистер мен медицина саласының бірлесе отырып, шынайы ақпарат тартудың өзектілігі талқыланды.
Әлемді аяқтан тік тұрғызған короноавирустың салдары оңай болып тұрған жоқ. Осы бір қиын тұста дүниенің көптеген елдеріндегі ақпарат құралдары үлкен қиындыққа тап болып жатыр. Тіпті кей журналистер жұмысынан айырылды. Бұл Еуропаға да, Америка мен Азияға да көрініс тауып отыр. Шындап келгенде карантин тағы қанша уақытқа созылады. Ол жағын ешкім де білмейді. Мүбәда біздің ойымызға да келмеген бірнеше жылға созылса газет-журналдардың, телеарналардың жағдай не болмақ. Енді осы дүниелер тұрғысынан қарағанда дұрыс ақпараттың жетуін бұқаралық ақпарат құралдары қамтамасыз етуі керек. Ол үшін де атаулы орынға дұрыс дұрыс жағдай қажет. Міне, осы тектес қыруар өзекті деген мәселелер назарға алына отырып талқыланды.
Атаулы шара соңында алда келе жатқан журналистердің төл мерекесіне орай ҚР Журналистер одағы басқарма төрағасы және облыстық филиалы төрағасы атынан үздіктер марапатталды. Одаққа жаңадан қабылданған жас мүшелердің аты белгілі болды.
Ал марапат төрінен «Түркістан» газеті де көрініп, тізгін ұстатты. Қаланың бет-бейнесіне айнала отырып, тұрғындарының алғысын алып келе жатқан басылымның шаңырақ көтергеніне 90 жыл толып отыр. Осы жылдарда газетіміз сүбелі дүниелер беріп, шаһардың дамуына елеулі үлестер қосып келеді. Ұжым болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып белсенді жұмыстар атқаруда. Міне осы ұзақ жылдар бойы төккен тер ескеріле отырып, Қазақстан Журналистер одағының «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» марапатына ие болғанын айтқа кетуіміз ләзім. Бұл қуаныш газетіміздің ғана емес, қала берді тұтас қаланың қуанышы екенін мақтанышпен айтқанымыз орынды болмақ.
Үмітбек БАҒДАТ.