- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Соңғы кездері әлем халқының жүрегіне үрей ұялатып, ғалымдарды әбігерге салған covid19 короновирус пандемиясының Қазақстанда да пайда болуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде шектеу шараларын күшейтіп, індеттің кең жайылуына тосқауыл қоюды тапсырды. Бұл дерт еліміздің басым бөліктерінде бой көрсетті. Өкінішке орай, короновируспен күрес алаңының бірі ретінде Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласы да аталды.
Індеттің алдын алу, дертке шалдыққандардың санын азайту мақсатында құрылған жергілікті штаб төрағасы, аудан әкімі Жамантай Қанайұлының шешімімен Жетісай қаласында шектеу шаралары күшейтілді. Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен прокуратура қызметкерлері, полиция бөлімінің инспекторлары мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес аудандағы барлық азық-түлік дүкендері мен базарлардың, қоғамдық тамақтану орындарының, банктер мен почта байланыс сынды адамдар көп шоғырланатын мекемелердің жұмыстары белгілі тәртіпке енгізіліп, шектеу шаралары күшейтілді. Кезекке тұрумен жүзеге асырылатын қызмет түрлерін көрсететін банктер мен почталық байланыс тораптарында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері тарапынан арақашықтықты сақтау, медициналық бетперделер тағу мәселелері қатаң бақылауға алынған.

Орталық қызметкерлері тарапынан тәртіпке бағынбаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынатындығы ескертіліп, аурудың алдын алу жолдары түсіндірілуде. Айта кетейік, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала көшелері арнайы сұйықтықтармен залалсыздандырылып жатыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ.