ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

1  345 көрілім

Сіздер үшін 2019 жылдың 28 ақпаны сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін                        ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменттің ғимаратында «Ашық есік күні» өтетінін хабарлаймыз.

Келушілерге Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттар ұсынылады, яғни мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түсіндірме беріледі.

Бұған қоса, Департаменттің ғимаратына экскурсия ұйымдастырылады.

Шараның негізгі мақсаты – Агенттік пен халық арасында сенімгерлік және серіктестік қатынасты орнату, сондай-ақ азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу болып табылады.

Келіңіздер, серіктестік қатынасты орнатуда біз әрдайым ашықпыз.

Біздің міндет – халыққа қызмет.

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/үй. «Департаменттер үйі», 3 қабат. 
Байланыс телефондары: 8 (72533) 59472, +7777 700 4141.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы