ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ОРТАҒА САЛЫНДЫ

870 көрілім

Қалалық адами капиталды дамыту бөлімінде өзекті мәселелер қаралған онлайн жиналыс болып өтті.

Бүгінгі қоғамның бас ауыруына айналған жемқорлыққа жол бермеу және басқа да келелі дүниелерді тақырып еткен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша Департаментінің аға офицері Ақтөре Талғатұлы, қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, орта мектептердің директорлары және атаулы бөлімнің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Ақмарал Үсенқызы саладағы жұмыстарды кеңінен баяндап, негізгі басымдықтар туралы сөз қозғап, бітіруші түлектердің дайындықтары және ескеруі керек мәселелерге тоқталды. Аға офицер тестілеу барысында адалдықты ұстана отырып, қандай да бір көзбояушылық пен қулық атаулыға жол жоқтығын еске түсіре отырып, Департамент жанынан құрылған арнайы мобильді топ тестілеу уақытында жұмыс жасайтындығын, бақылау шараларын едәуір күшейтуді қолға алғандарын тілге тиек етті. Сөз арасында Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі атқаратын жұмыстармен таныстырды.

Еске сала кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесінде айтарлықтай өзгерістер болмағанымен, бақылау шаралары қатаң түрде қолға алынады. Атап айтқанда осы жылдан бастап тестілеуге қатысатын түлектерден қосымша құралдар (байланыс құралдары және т.б. пайдалануға тыйым салынған заттар) табылған жағдайда нәтижесі жойылады. Сонымен қатар 1 жыл бойы тестілеуге қайта қатыса алмайды.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы