ӘРБІР ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНА ӘЛЕУМЕТТІК КАРТА БЕРІЛМЕК

764 көрілім

Түркістан қаласының әрбір тұрғынында тамыз айынан бастап әлеуметтік карта пайда болады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте белгілі болды. Карта арқылы қоғамдық көлікке мінуге, мектепте тегін тамақтануға және басқа да төлемдер жасауға мүмкіндік бар.

Осы себепті, Рашид Абатұлы әр кәсіпкерде терминал болу қажеттігін баса айтты. Аталған жүйені әлі де жан-жақты толықтырып, тамыз айына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Алдағы уақытта өтінім беру, картаға қалай ие болу жолдары түсіндіріледі. Ал, қала тұрғындары үшін қызмет көрсету арзан әрі тиімді болмақ.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы