МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕБІ

943 көрілім

Елбасының Жарлығы мен қызметшілердің жұмыста, ұжым ішінде, тұрмыста өзара қарым-қатынастары бойынша мінез-құлықтарын реттейтін жаңа мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қолданысқа енгізілген. Жаңа Әдеп кодексінің жалпы ережелеріне еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, заңдылықты қамтамасыз ету және өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, қызметшілердің өздерінің адал және әділ болуына қатысты мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар енгізілген.

Мемлекеттік қызметшілер бірінші кезекте мемлекет мүддесіне және оның азаматтарының құқығына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруды, белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауды ұмытпау керек. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы, сонымен қатар ұстамдылығы мен ұқыптылығы іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Сонымен «халық қалаулысы» қоғам жағынан сын тудыратын кез-келген әрекеттерді, сонымен қатар шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды болдырмау керек. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану талаптарын мүлтіксіз орындау қажет. Кодекстің тағы да бір үлкен жұмыс бөлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтыну-шысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстанудың сапасын көтеруді анықтау.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта: қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда ішімдік ішкен күйде болып, қоғамдағы адамгершілікке және тәртіпке нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жасау, сонымен қоса басқа адамдарды құқығына қарсы әрекеттер жасауға тартуды болдырмауға жол бермеуге тиіс.

Кез келген жұмыстың нәтижелігі ұжымдағы қалыптасқан өзара қарым-қатынас мәдениеттілігіне байланысты. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

Осыған байланысты, Кодексте мемлекеттік органдарда моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін маңызды орын бөлінген. Барлық қызметшілер және бірінші кезектегі басшылар ұжымдағы іскерлік өзара қарым-қатынастың нығайтуға мүмкінді жасау керек, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болу қажет. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге консультация-лық көмек көрсетеді, сонымен қоса мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастырады.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды. Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер сонымен қатар, қазіргі қазақ қоғамының эталоны және үлгісі болу керек.

М.ТӨЛЕНОВ,

Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы