БЕК НҰРМАҒАНБЕТ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА АУЫСТЫ

1  650 көрілім

Өткен жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан талантты боксшымыз Бек Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа ауысты, –деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бек Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа ауысатыны туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мен Ұлттық құрама сапынан кеттім. Кәсіпқой боксқа ауыстым»,–деді Бек. Айта кетейік, Түркістанның тумасы Бек Нұрмағанбет былтыр Екатеринбургте (Ресей) өткен әлем чемпионатына қатысуы тиіс еді, бірақ жарақатына байланысты турнирге бара алмады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев оның орнына Бекзат Нұрдәулетовті ауыстыруына тура келді. Аталмыш дүбірлі додада Бекзат 81 келіде әлем чемпионы атанды.

Енді бағын кәсіпқой бокста сынап көретін жерлесіміз Бек Нұрмағанбетке жеңісті күндерің көп болсын деп тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы