ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖОЛЫ ПАЙДА БОЛДЫ

778 көрілім

Түркістанда қоғамдық көліктердің кедергісіз қозғалыс жасауы үшін «Bus Lane» жолағы сызылды, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады.⠀Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады.

Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Алда Б. Саттарханов даңғылы бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат етілмейді. Жаңа жоба тесттік режимде енгізілгендіктен әзірге ереже бұзғандарға айыппұл салынбайды.⠀

Жол қозғалысына енгізілген жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алып, жылдамдықты асыруға жол бермейді. Сондай-ақ, жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы