КЕШІГІП СОҒЫЛҒАН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

1  168 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты тақырыпта соңғы қоңырау салтанатты шарасы болып өтті.

Пандемияға байланысты кешігіп өткен шараның ашылуына қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов, адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова және ұстаздар қауымы, бітіруші түлектер қатысты. Әкім орынбасары ел болашағы жастар екенін айта келіп, бақ пен баптары қатар шауып қалаған оқу орнына түсіп кетулеріне тілекші екенін жеткізді.

Бірнеше мемлекеттік марапаттардың иегері Алтынбек Момбеков басқаратын білім ордасы 2004 жылы шаңырақ көтерген. Биылғы оқу жылы мектепті 41 түлек бітіріп (7 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат»), 10 оқушы Алматы қаласындағы оқу ордаларына түсуге ниетті болса, қалғаны шаһардағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға түсуге бел буып отыр. Олардың арасында қалалық, облыстық, республикалық байқауларының, пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері бар.

Айта кетейік, биыл қаладағы жалпы орта білім беретін орта мектептерді 1507 оқушы бітіріп отыр. Солардың ішінде 116 оқушы «Алтын белгі», 46 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанған. Ұлттық бірыңғай тестілеуден бағын сынауға 1150 оқушы өтініш білдірген.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы