Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

1  633 көрілім

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10 бабына сәйкес, алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс  36 сессиясы 2018 жылғы 17 тамыз күні сағат 11.00-де қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтетіндігін Сіздердің  назарларыңызға саламын. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Есімхан алаңы 3 үй, қала әкімдігінің кіші мәжіліс залы.  Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 17 тамыз күні таңертеңгі сағат 10.30-дан бастап жүргізіледі.

Сессияның күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

  1. 1.1.Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
  2. 2.2.Түркістан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №25/136-VI «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері» туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. 3.3.Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 шілдедегі «Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің  құрылымын бекіту туралы» 35/181-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. 4.4.Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы                №40/226-V «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық – құқықтық  ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу  жөніндегі консультативтік – кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

А.КЕНЖАЛИЕВ, қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы