Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілді.
Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын түзді. Соған сай мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкіл енгізілген.Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады. Бұл орайда, мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн. Қалай десекте, мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмір салты тиісті заң талаптарына толық сай болғаны дұрыс.
Б.ҚУАНДЫҚ,
ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі.
