Жер-жаһанды жайлаған жаңа індетпен бетпе-бет келген әр сала қалыптасқан құндылықтарын сақтай отырып, ақпараттық коммуникациялық дамудың бар мүмкіндігін пайдаланып, тоқтаусыз жұмысты жалғастыруды. Білім саласы да қашықтан оқытуға көшіп, балалардың білім алуына оқушы, ата-ана, мұғалім үштік бірлігінің ынтымағымен кездескен қиындықтарды жеңіп, оқу жылын да қорытындылауға жақындады. Әр оқу жылы соңында алтын ұясымен қоштасып, маусымның аяғы мен шілденің басында ҰБТ тапсырып, болашаққа деген таңдауын жасап, жаңа өмірге аяқ басатын биылғы түлектерге де пандемиялық шаралар кейбір кедергілерді кезіктірді.
Дегенмен, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ҰБТ форматын бұрынғыдай қалдыру ұйғарылып, ағымдағы жылдың 10 мамырында ҰБТ-ң базасына тіркеу аяқталды, тестілеуге қатысушылардың жеке кабинеттерінде 20 мамырдан кейін рұқсат қағаздары дайын болады. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдай жақсармаса альтернативті нұсқалардың қарастырылатындығы да сөз болды.
Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тестілердің 70 варианты жарияланған. Әрбір мектеп бітірушінің аталған тестілерді ақысыз тапсыру мүмкіндігі болды.
4 оқу тоқсанында қашықтықтан оқыту барысында материалдарды толық меңгеруде қиындықтардың болуына байланысты ата-аналарды ойландыратын мәселенің бірі – IV тоқсан тақырыптары бойынша сұрақтар тестілеу материалдарында жоқ екендігін атап өтті.
2020 жылы ҰБТ өткізуде өзгерістер де бар:
- «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша межелі баллы барлық ЖОО үшін 60-тан 70-ке дейін өсті;
- білім гранты бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін білім салалалары бойынша жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қосымша емтихандардың енгізілуі;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім салалалары бойынша ҰБТ-ң межелі баллын бекітеді;
- SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілерді баллға ауыстыру шкаласы енгізілді; SAT, ACT халықаралық стандартталған тестілердің және IB халықаралық бакалавриат бағдарламасының сертификат иелері тестілеуден босатылады;
- межелі баллды ала алмаған және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы бөлімге қабылданған тұлғалар ҰБТ-ны бір жылдың ішінде тапсырады;
- ҰБТ қорытындысы бойынша қатысушыларға ҰТО сайтында жарияланған электрондық сертификат берілетін болады.

Тестілеу кезінде оқуға түсушілердің жауапкершілік те күшейтілді:
- оқуға түсушілердің арасынан ғимаратқа кірер алдында ҰБТ кезінде пайдалануға тыйым салынған заттар мен өздерінің орнына басқа бір адамды жіберу фактісі орын алған жағдайда, ондай тұлғалар тестілеуге және осы жылғы тестілеуге жіберілмейді;
- ҰБТ өткізілгеннен кейін бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеледі. Егер, оқуға түсушілерден ҰБТ кезінде қолдануға тыйым салынған заттардың біреуі анықталған болса, білім грантын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері ҚР БҒМ бұйрығымен немесе ЖАО қаулысымен жойылады.
Мамандық таңдаудағы алғашқы және шешуші қадам болып есептелетін ҰБТ нәтижесі әр түлек үшін сәттілікке бастар жол болсын.
Серік ПАХЫМБЕТ,
Түркістан облысының білім саласында сапаны
қамтамасыз ету департаментінің бас маманы.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
