ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

860 көрілім

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Парасатты ұрпақ – келешек кепілі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті. Жиынның мақсаты — Қазақстан Республикасының халқының, білімгерлердің қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының жемқорлыққа қарсы біріктіруші әлеуетін сіңіруге арналған жүйе жасау. Оларды жетілдіру негіздерінің бірі – парасатты студенттердің адал сессия өткізіп, терең білім мен адалдыққа жауапкершілікті мінездерінің біріктіруші бастамасын ашу.

Онлайн-конференцияны Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттінің вице-президенті Әміреқұл Абуов жүргізді. Жиынға Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев, ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» комиссиясының төрағасы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, заң ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның Құрметті академигі Есберген Алауханов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Төлеген, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Асыл Алдаберген, Оңтүстік Қазақстан мемлекет педагогикалық университетнің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы, т.ғ.к., доцент Гүлнар Жанысбекова, Павлодар облысы Адами әлеуеті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Филология ғылымдарының докторы, полиция полковнигі, Ауғанстан соғысының ардагері Шапағат Жалмаханов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Балғабай Нақыпов қатысты.

Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Конференция қатысушылары жастарымыздың бойында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселесі және отбасы институтының рөліне ерекше көңіл бөлу мәселелері мен барлық салада құқық бұзушылықтың орын алуының себептеріне талқылап, жемқорлыққа жол бермеу жолдарына тоқталды. Жиында азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша бағыттарды іске асыру мәселелері де қамтылды.

Жиынды қорытындылаған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттінің «Рухани жаңғыру» департаментінің директоры Л.Динашева оқу орнындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып, алдағы уақытта бүгінгі жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алынатындығын жеткізді. Онлайн-конференция Yassawi TV Youtube каналында 2 жарым сағат тікелей эфирде өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы