Түркістан қаласында бірнеше қоғамдық маңызға ие нысандардың карантин талаптарына қарамай өз жұмысын жалғастырып келгені анықталған, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №17 Қаулысына сәйкес, Түркістан қаласында карантин режиміне байланысты бірқатар нысандардың жұмысын жалғастыруға шешім қабылданбаған.
⠀
Дегенмен, талапқа бағынбай, монша, қоғамдық тамақтану орындары мен автовокзалдар жұмысын жалғастырып жатқандығы мобильді топтардың бақылауы нәтижесінде белгілі болды.
⠀
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы аясында белгіленген талапқа бағынбай жұмысын жалғастырғандарға айыппұл, ал рұқсат берілген, алайда талаптарды орындамаған нысандар жұмысын уақытша тоқтататындығын хабарлаймыз! Сондай-ақ, карантин режимін сақтамау шаралары жалғасар болса, карантин режимі ұзартылатынын назарларыңызға саламыз!
⠀
Мақсат – айыппұл салу емес, індет таралуының алдын алып, қауіпсіздікті жандандыру!