Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 20 сәуірден бастап 50 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған болатын. Олар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында күні-түні жұмыс жасауда.
⠀
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов арнайы жиынға қатысушылармен кездесіп, олардың жұмыс барысымен, жасалып жатқан жағдайлар, азық-түлік, қорғаныш құралдарымен қамтылуын бақылап, білді. Блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, халық көп шоғырланған аумақтарда патрульдік қызметте және карантин режимінің сақталуына көмек көрсетті. Залалсыздандыруды жандандыруды тоқтатпаған жігіттер 19 мамырға дейін қызметін жалғастырады.

Қала әкімі Рашид Абатұлы олардың күнделікті қалаға жанашырлық танытып, қызмет етуіне алғысын білдірді. Айта кетейік, әскерилер қатарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары мен қала әкімінің аппарат басшысы да бар.
