ЖОМАРТТЫҚ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ БІР ПАРАСЫ

1  168 көрілім

Қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Кісінің айналасындағыларға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Бүгінде әлемді алаңдатқан пандемиядан көз аша алмай отырған шақта, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы ауылдарын су басуы халықты бір сілкіп тастағаны жасырын емес. Қазақстанның түкпір-түкпірінен көмек қолын созып, жәрдемдесіп жатқан жандардың қарасы қалың.

Мәселен, Кентау қаласы, Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігі жақсылық шет қалмады. Бірлестік төрағасы – Хабибов Бекзат, Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы «Аналар кеңесінің» төрайымы, Кентау қалалық ҚХА жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі Дильдар Хабибовамен «Жастар қанаты» орталығының басшысы Дастан Абдалиев те қарап қалмай, білектерін сыбанып, азық-түлікті тасуға еріктілерге көмектесті.

Айта кетейік, бірлестік атынан Мақтааралдық тұрғындарға «Газель» жүк көлігі және жеңіл көлікке тиелген азық-түлік, көрпе-төсек, киім және басқа да қажетті заттар жөнелтілді. Мұндай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатындығы анық.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы