Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтсақ, ҰБТ-ға дайындық барысын талдау мәселелері және балалардың 2020 жылғы жазғы сауықтыру демалыстарын өткізу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту іс-шараларының орындалуы, қала көлемінде құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы мәселелері тыңдалды.
Күн тәртібіндегі алғашқы тақырып бойынша адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекованың мәлімдеуінше ҰБТ-ға дайындық барысы 2019-2020 оқу жылында бөлімге қарасты жалпы орта білім беретін мектептердегі 1507 оқушы бітірсе, оның ішінде қазақ, орыс бөлімінде – 1115 оқушы (қазақ бөлімінде – 915, орыс бөлімінде – 200), өзбек бөлімінде – 392 оқушы бар. Биылғы ҰБТ-ға қаладағы 32 мектептен 1150 бітіруші түлектердің қазақ, орыс бөлімінде – 962 оқушы (қазақ бөлімінде – 778, орыс бөлімінде – 184), өзбек бөлімінде – 188 оқушы қатысса, оның 1150 оқушының 965-і қазақ тілінде, 185-і орыс тілінде тапсырады.
Биылғы оқу жылында «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 114, оның ішінде қазақ бөлімінен – 72 оқушы, орыс бөлімінен – 17 оқушы, өзбек бөлімінен – 25 оқушыны құрап отыр. Ал, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 46, оның ішінде қазақ бөлімінен – 29 оқушы, орыс бөлімінен – 5 оқушы, өзбек бөлімінен – 12 оқушы. ҰБТ-ға қатысу үшін 1062 оқушының өтініштерін онлайн режимде ағымдағы жылдың 15 сәуір – 10 мамыр аралығында ent2020.testcenter.kz сайтында қабылданып, өтініш берудің жаңа форматы құжаттарды қағаз тасығышта ұсыну қажеттілігінен арылтқан.
Сонымен қатар, 2019-2020 жылдың IV тоқсанында қашықтықтан оқыту барысында мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге testcenter.kz, itest.kz, daryn.online платформалары, Youtube, ONTUSTIK және онлайн дайындық орталықтары арқылы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанына тоқталды.
Апталық мәжілісте бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту іс-шараларының орындалу барысы туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Бурибаева хабарлама жасады. Түркістан қаласы бойынша 8355 мүгедек есепте тұрады екен. Оның ішінде 1 топтағы мүгедек саны – 674, 2 топтағы – 3793, 3 топтағы – 2810, 16 жасқа дейінгі – 1078 азамат тіркелген. Мүгедек адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында техникалық көмекші құралдармен (протездік-ортпедиялық көмек, сурдо, тифлоқұралдар, санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтер) қамтамасыз етіледі.

Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 440 бірінші топтағы мүгедек өтініш білдіріп, жергілікті бюджеттен 53819,0 мың теңге қаржы бөлініп, 437 бірінші топтағы мүгедектерге 421 жеке көмекші қызмет көрсетеді екен. Сонымен қатар, мүгедектерді емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін «Инватакси» әлеуметтік қызметіне 5 автокөлікке жергілікті бюджеттен 33500,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 101 жанның өтініші тіркеліп, тапсырысқа сәйкес тасымалдаумен қамтамасыз етілген.
Арнаулы жүріп, тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша 95 адам өтініш білдіріп, республикалық бюджет есебінен 74 мүгедек мүгедектік арбамен қамтылғанын және осы мәселеде атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, жиналыста құрылыс бөлімінің басшысы М.Керімжанов қала көлемінде құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Жиын соңында қала әкімі Рашид Аюпов жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жұмыстарын өз деңгейінде атқармаған бөлім басшыларына шара көру жөнінде тапсырма берді.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
