ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

1  725 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаламызда төтенше жағдай кезінде бір айдан астам уақыт Түркістан қаласына арнайы жұмылдырылған 150-ге тарта әскери қызметшіге алғыс хат табыстап, салтанатты түрде шығарып салды. Осы жылдың 16 наурызынан бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Ал, 2 сәуірден бері үйлерінен жыраққа кетіп, Түркістанда індет таралуының алдын алу бойынша бар күш-жігерлерін жұмсаған азаматтар қала тұрғындарының есінде қалары сөзсіз. Ендігі Шымкент горнизонының №35748 әскери бөлімінің қызметкерлері өз бөлімдеріне барып, қызметтерін жалғастыратын болады.

Шара барысында №35748 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковниік Азамат Нұрмахановтың мәлімдеуінше сәуір айының 2-нен бастап жұмылдырылған әскери топ Түркістан қаласына келген. Басты мақсат – Түркістан қаласындағы блок-посттарына көмек көрсету және қала аумағын залалсыздандыру жұмыстарын атқарған. Бүгінгі таңға дейін өздеріне тиесілі барлық жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, қала басшысы Р.Абатұлы: «Биыл еліміздегі орын алған төтенше жағдайға байланысты 16 сәуірден бастап Шымкент горнизонынан арнайы 250-ге жуық әскери қызыметкерлер келген болатын. Олар бүгінгі күнге дейін өздеріне бекітілген жұмыстарды атқарып, төтенше жағдай кезінде қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және залалсыздару шараларын атқарды. Қаланың сыртындағы 7 блок постты және қала ішіндегі 2 миллионға жуық шаршы метрге дизенфекция жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдай кезінде әскерилер тарапынан бізге бірінші болып, темірдей тәртіп керек, осы жұмыстарды жүргізуге күш-жігерлерін салып, уақытпен санаспай тынымсыз еңбек етті. Кеше өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдайдың алынғанынан кейін ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласынан өздерінің горнизонына қайтатын болады. Қала тұрғындары атынан Шымкент горнизонының әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін, – деді.

ҚР Қарушы күштерінің әскери қызметкерлері еліміздегі сын сағатта бізге қажетті – темірдей тәртіп пен мықты қорғаныс болды. Әскерилер елімізде орын алған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, пандемияның таралмауы үшін таң атқаннан кеш батқанға дейін мүлтіксіз қызмет етті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қарулы Күштер – қауіпсіздіктің басты кепілі, еліміздің егемендігі, бейбітшілігі мен тыныштығының берік қорғаны болып қала бермек.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Суреттерді түсірген: Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы