ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

1  069 көрілім

Қаламыздағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде баскетболдан 2004-2005, 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасында қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, алғашқы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІІІ дәстүрлі республикалық жарыс басталды. Аталмыш жарысқа еліміздің түрлі аймақтары мен көрші Қырғызстаннан келген 22 команда қатысуда. Алғашқы күннің нәтижесі бойынша алаң қожайындары түркістандық жас баскетболшылардың бәсі жоғары. Олар алғашқы ойындарын жеңіспен бастады. Жарыс қорытындысы жайлы мақаланы газетіміздің алдағы санында жариялайтын боламыз.

Райымжан ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы