ОРДАБАСЫЛЫҚТАР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕК ЖІБЕРДІ

1  173 көрілім

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына Ордабасы ауданының кәсіпкерлері қол көмегін созып жалпы құны 2 млн 10 мың теңге көлемінде 5 тонна гуманитарлық көмегін көрсетті. Оның ішінде азық-түлік, шұжық, құс еті, сүт, ұн өнімдері, көкөніс, гигиеналық заттар және медициналық бетперде де бар.

Еліміздегі барлық облыстармен Түркістан облысына қарасты аудандарда қарап қалмай ауыз біршілігін көрсетіп көмектесуде. Бірлігі жарасқан ел екеніміз, бауырмалдылық қазақ ұлтының қанынан дарығандығы осы бір оқиға айқындап берсе керек. Бастарына қиын қыстау кезде демеу болып жатқан жұртшылықтың бір ғана арманы елдің тыныштығы мен амандығы.

Сонымен қатар ауданның ерікті жастарыда атсалысып жанашырлық білдіріп, төтенше жағдай орын алған аудан тұрғындарына өз қаражат есебінен керекті гигиеналық заттарын таратты.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы