ДЕПУТАТТАР МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТТІ

958 көрілім

Түркістан қаласынан Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек ретінде азық-түлік тиелген жүк көлігі жөнелтілді. Қалалық мәслихат депутаттарының гуманитарлық көмегі 860 мың теңгені құрайды.

«Ел басына күн туған шақта қол қусырып қалмай, қиналған көпшілікке қолұшын созу азаматтық парызымыз деп есептейміз. Халқымыз бірліктің арқасында талай қиын-қыстау заманды жеңе білген. Мақтааралдықтарға бірінші кезекте қажеттілігі жоғары азық-түлік өнімдерін жібердік. Сабырлылық танытып, басқа түскен қиындықты бірге жеңіп шығамыз дегім келеді»,-деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев.

Техногенді апаттан зардап шеккендер үшін жіберілген 20 түрлі күнделікті тұтынуға қажетті тауар түрлерінің арасында – картоп, пияз, ұн мен күріш секілді  азық-түліктер бар. Қалалық мәслихаттың депутаты Мұхамедәлі Қорғанбаевтың айтуынша, облыстық мәслихат депутаты Үмбет Жүсіпбаев та игілікті іске 1 тонна қияр берумен үлес қосқан.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы