ТҮРКІСТАН: ҚОҒАЛЫДА ҚЫРУАР ЖҰМЫС АТҚАРЫЛУДА

1  397 көрілім

Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасының жарылуы салдарынан орын алған техногенді апат кезінде мақтааралдықтарға қолұшын созушылардың алғашқылары Жетісай, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандары болды, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпарат агенттігі.

Сыйымдылығы 1 млрд текше метр болатын су қоймасынан ресми мәлімет бойынша 300 млн текше метр су Қазақстан территориясына ағып үлгерген. Қауіпті аймақтардың қатарына Жетісай ауданындағы Атамекен ауылдық округінің Қоғалы елді мекені де енген болатын. Әлеуметтік желілер арқылы аталмыш елді мекенді су басты деген жалған ақпараттар да тарап үлгерді.

Бүгінде Қоғалы елді мекенінде апаттың алдын алу бойынша ұзындығы 1 шақырым, биіктігі 2,5 метр болатын бөгет (дамба) тұрғызылып жатыр. Бас-аяғы 7 техника мен Келес, Сарағаш аудандарынан, Шымкент қаласынан келген еріктілер мен жергілікті ауыл тұрғындарын қосқанда 1500-ге жуық адам мен аудандық төтенше жағдайлар және өртке қарсы қызметі бөлімінің 30 қызметкері тынымсыз жұмыс істеуде.

Аудандағы қазіргі жағдайға байланысты Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Махамбетовтың мәліметінше, Өзбекстан Республикасының тиісті мамандарымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Арнасай көпірінің жанынан суды ағызатын қосымша арна қазылып, қазіргі таңда 15 метр текше метр су Айдаркөлдің арнасына жіберіліп жатыр. Алдағы тәулікте судың көлемі азайып, елді мекендерді су басу қауіпі төмендейді деген мамандардың болжамы бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы